2021 жылғы 18 ақпанда М. Әуезов атындағы ОҚУ-де KAZDUAL «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» жобасы командасының Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық кеңсесінің директоры Ш.Тасболатовамен және кеңсенің жобалар менеджері А. Мылтықбаевамен кеңес беру кездесуі өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ атынан жобаның институционалдық үйлестірушісі, постдокторант Б.О. Сапаргалиева, жобаның негізгі өкілі – коммерцияландыру бөлімінің бастығы Т.К. Игисинов, жобаның сарапшысы, Педагогика және психология институтының директоры Г.А. Абаева қатысты. Кездесу барысында жобалық өтінімді талдау талқыланды, жобаны іске асыру бойынша ұсыныстар берілді.
- 20 Feb
- 2021