2021 жылғы 9 ақпанда онлайн форматта Kick-off-meeting өтті.

2021 жылғы 9 ақпанда онлайн форматта Kick-off-meeting өтті. Іс-шараны жобаның грантхолдері – Әуезов ат. ОҚУ және Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастырды. Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ атынан постдокторант, іс-шараның модераторы Б.О. Сапаргалиева, коммерцияландыру бөлімінің басшысы Т.К. Игисинов қатысты. ҚР БжҒМ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Б.М. Нарбекова, Еуропалық Комиссия агенттігінің жобалық офицері Карло Имарисио, Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық кеңсесінің өкілі, жобалар жөніндегі менеджер А. Мылтықбаева құттықтау сөз сөйледі.