Биыл Абай атындағы ҚазҰПУ ERASMUS+бағдарламасының «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру»

Биыл Абай атындағы ҚазҰПУ ERASMUS+бағдарламасының «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» жобалары консорциумына кірді. Сондай-ақ консорциумға: Отто фон Герике атындағы Магдебург университеті-Отто-фон-Guericke-University Magdeburg (Германия), Таллин қолданбалы ғылымдар университеті – University of Applied Sciences (Эстония), Инстбург педагогикалық университеті-Pädagogische Hochschule Tirol (Австрия), ACQUIN, CEENQA, Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Шәкәрім ат. СМУ кірді. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті грант алушы ретінде болды.2021 жылғы 25-29 қаңтар аралығында М. Әуезов ат. ОҚУ-де Грандхолдерлердің онлайн кездесуі өтті. Агенттіктің қолдау қызметі желілерді құру және озық тәжірибемен алмасу бойынша 13 іс-шара ұйымдастырды. Грандхолдерлердің онлайн кездесуі барысында Агенттік өкілдері мен KAZDUAL жобасының серіктес университеттерінің жұмыс топтары жобаның барысы мен кезеңдеріне қатысты мәселелермен алмасты. Жобаны іске асырудың егжей-тегжейлері нақтыланды және пайдалы ақпарат алынды, нәтижесінде EACEA мен KAZDUAL жобасының грант иегерлері арасында өзара түсіністікке қол жеткізілді.Грандхолдерлердің онлайн кездесуінің қорытындысы бойынша екі әріптес-университет: ОҚУ және ҚазҰПУ жұмыс топтарының бірлескен отырысы өткізілді. Жұмыс топтары міндеттемелерді бөліп, қысқамерзімді перспективада жұмыс жоспарын нақтылады.